«Масс-медиа туралы» заң жобасынан «баспасөз картасы» туралы бап алынды


05/02/2024
15:26 9465 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Масс-медиа туралы» заң жобасынан «баспасөз картасы» туралы бап алынды. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы хабарлады.

 

– Мәжілісте «Масс-медиа туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Сол жұмыс топтың мүшесімін. Осы заң жобасындағы «баспасөз картасы» журналистердің қытығына тиген еді. Оны беретін ұйымдардың санаулы болуы, журналистерге қойылатын талаптардың да ақылға сыймайтыны туралы жиі айтылды. Әріптестерім осы мәселені көп көтерді. Мінеки, нәтиже шықты. Енді «баспасөз картасы» деген түсінік заңда болмайды, – деді ол.

 

Бұған дейін азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз журналистер «Масс-медиа тауралы» заңдағы «Баспасөз картасын» туралы бапты сынаған. Олар жаңа заң селекциялық тұрғыда жұмыс істейді деп қауіптенген. Сарапшылар «баспасөз картасын беретін ұйым билікке тәуелді болады және сол себепті де картаны өзіне ыңғайлы журналистерге таңдап беруі мүмкін» деген. 

 

Естеріңізге салайық, жақында Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Азаттық» радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқаны белгілі болған. Осыдан кейін басылым СІМ сотқа берген. Осыдан бірнеше күн бұрын сыртқы істер министрлігі басылыммен келісімге келуден бас тартқаны жөнінде ақпарат тараған. Сарапшылар СІМ шешімін «сөз бостандығын тұншықтыру» деп бағалаған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/02/2024 15:26
9465 0

Уведомление